Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"4,8 млрд теңге": Антикор жол саласы бойынша заңбұзушылықтарды анықтады

Жарияланған күні:

Ақылы тасжол
Ақылы тасжол. Көрнекі сурет: KAZ.NUR.KZ/Владимир Третьяков

Жартыжылдық кеңейтілген алқа отырысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Асхат Жұмағали жол саласындағы жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау басталғанын атап өтті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Антикорға сілтеме жасап хабарлайды.

Биыл мамыр айында президент Қасым-Жомарт Тоқаев отандық жолдардың сапасыздығын атап өтті.

Осыған байланысты агенттік пен үкіметке осы саладағы жемқорлықты жою тапсырылған еді.

Жұмыстарды жоспарлаудан бастап оларды қабылдауға дейінгі барлық құрылыс процесі зерделеніп, НҚА мен ҚНжЕ жемқорлық нормаларына, қақтығыстар мен олқылықтарға тексеру жүргізілді.

Агенттіктің қылмыстық-құқықтық тәжірибесі ЖСҚ құнын асыра бағалау орын алудын және сапасыз материалдар, жабдықтар мен технологиялар пайдаланылатынын көрсетеді.

Жұмысты толық көлемде орындамайтын үлестес және жосықсыз компаниялар тартылған.

Соңғы 3,5 жылда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 65 жемқорлық құқық бұзушылықты тіркеді, олар бойынша залал шамамен 9 млрд теңгеге жеткен.

"Жұмыстың екінші бағыты жолдардың ағымдағы құрылысына мониторинг жүргізіліп, бүкіл ел бойынша 2 трлн теңгеден астам қаржы бөлінген 217 учаске қамтылды. Агенттіктің ерекше бақылауымен 12 ауқымды жоба бар. Олардың әрқайсысына жергілікті жерлерде жұмысты үйлестіретін жауапты тұлғалар бекітілді.

Барлық өңірлерде қоғам белсенділері, сондай-ақ осы саладағы сарапшылар кіретін мониторингтік топтар құрылды", - делінген хабарламада.

Қазірдің өзінде талдау барысында бұзушылықтар анықталып жатқаны мәлім етілді

"Мәселен, 5 өңірде 4,8 млрд теңге сомасына артық және қайталама жұмыстарды қосу жолымен сметаларды асыра бағалау анықталды, ал 6 өңірде жүргізілетін жұмыстарды тиімсіз жоспарлау белгіленді. Абай облысында 20 млн теңгеге шұңқырлы жөндеу жүргізілгеннен кейін, сол учаскеде 1 млрд теңгеге ағымдағы жөндеу жүргізіліп жатыр", - деді Антикор өклідері.

Құзырлы орган мәліметінше, Көлік министрлігінің жол активтерінің сапасы орталығының жұмысына ерекше назар аударылып, талдау қорытындылары туралы президент пен жұртшылық хабардар етіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2133456-4-8-mlrd-tengge-antikor-zhol-salasy-boiynsha-zang-buzushylyqtardy-anyqtady/