Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында понтон көпірі суға батып кетті (видео)

Жарияланған күні:

Павлодар облысында пантон көпірі құлады
Павлодар облысында пантон көпірі құлады. Видеодан кадр: instagram.com/nurlan_dyussimbinov

Павлодар ауданындағы Қанаша Қамзин ауылдық округіне қарасты Көктас ауылында понтон көпірі суға батып кетті. Ақсу қаласының әкімі Нұрлан Дүйсембинов оқиға болған жерге барды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ әкімнің Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап.

Дүйсембиновтың сөзінше, Қанаш Қамзин ауылдық округінің Көктас ауылына жұмыс сапарымен барып, Белая өзені арқылы өтетін понтон көпірін тексерген.

"Қазіргі кезде понтон көпірі батып кетті. Бірінші кезекте шаруа қожалықтары мен кәсіпорындардан ауыл шаруашылығы техникасын тарту арқылы оны шығарып алу және жөндеу жоспарланып отыр", - дейді әкім.

Ақсу қаласы әкімі баламалы жолдар да қарастырылады, бұл техника мен адамдардың қарама-қарсы жағалауға паромдық өткелдерін ұйымдастырылатынына тоқталды.

Сонымен қатар Нүрлан Дүйсембинов жаңа понтон көпірін салу үшін ЖСҚ әзірлеуге жергілікті бюджеттен қаражат бөлінгенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2133471-pavlodar-oblysynda-ponton-kopiri-suga-batyp-ketti/