Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда полицейлер із-түссіз жоғалған кәмелеттік жасқа толмаған балаларды автобустан тапты

Жарияланған күні:

Оралда полицейлер кәмелеттік жасқа толмаған балаларды тапты
Оралда полицейлер кәмелеттік жасқа толмаған балаларды тапты. Фото: ІІМ

Орал қаласында полицейлер Ақтөбедегі әріптестерімен бірге із-түссіз жоғалған кәмелетке толмаған үш баланы іздеп тапты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ІІМ-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Қалалық полиция бөліміне кәмелетке толмаған үш баланың жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Олардың ең кішісі небәрі 4 жаста екендігі белгілі болды.

БҚО Полиция департаментінің барлық қызметтері мен бөлімшелеріне және шекаралас облыстарға дереу іздестіруге бағыт-бағдар берілді.

"Нәтижесінде полиция қызметкерлері Ақтөбе облысындағы әріптестермен бірлесіп, жоғалған балаларды автобустардың бірінен тапты. Олар басқа аймақта тұратын әкесіне кетуге шешім қабылдаған. Қазіргі уақытта жоғалған балалардың барлығы анасына қайтарылды. Олардың жағдайы жақсы, өмірлеріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ", - делінген хабарламада.

Полиция департаменті ата-аналарға балаларына және олардың өміріне өздері жауапты екенін, фактілерге жол бергені үшін Қазақстан заңнамасына сәйкес жауапкершілік көзделгенін ескертеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2133489-oralda-politseiler-iz-tussiz-zhogalgan-kamelettik-zhasqa-tolmagan-ush-balany-avtobustan-tapty/