Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада монша кешенінен өрт шықты

Жарияланған күні:

Оқиға орны
Оқиға орны. Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Елордада монша кешендерінің бірі өртке оранды. Өрт сөндірушілер жалынды бірнеше сағат бойы сөндірген, деп хабарлайды ТЖМ-ның баспасөз қызметі.

ТЖМ өкілдері бүгін сағат 09:45-те елордалық құтқарушылар Астанадағы монша кешеніндегі өртті сөндіріп жатқанын хабарлады.

"Оқиға орнына келгеннен кейін монша кешенінің аумағында екі моншаның жануы орын алғаны анықталды. Құтқарушылар күшімен ашық жану оқшауланды", - делінген ресми хабарламада.

Сағат 12:21-де өрт сөндірушілер 60 шаршы метр аумақты шарпыған өртті толығымен сөндіргені туралы ақпарат пайда болды.

Ведомствоның хабарлауынша, зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің себебі анықталуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2133714-astanada-monsha-kesheninen-ort-shyqty/