Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда судың "қара нарығымен" күрес күшейеді

Жарияланған күні:

Ауыз су
Ағып тұрған су. Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанда судың "қара нарығымен" күрес күшейту мақсатында Су ресурстары және ирригация министрлігінде су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану жөнінде комитет құрылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ведомствоға сілтеме жасап хабарлайды.

Министрлік мәліметінше, жаңа комитет суды заңсыз пайдаланумен және оны есепке алу деректерінің бұрмалануымен, сондай-ақ еліміздің су нысандарындағы құқыққа қайшы шаруашылық қызметпен күреседі.

"Министрлік суды заңсыз пайдаланумен белсенді күрес іс-шараларын қолға алды. Бұл мәселе ерекше бақылауда. Жаңа комитеттің жұмысы құқық бұзушылықтардың алдын алуға және еліміздің су ресурстарын қорғауға бағытталған. Бұл жұмыстар заңнамаға енгізілетін өзгерістермен бірге судың "қара нарығына" қарсы күресті едәуір күшейтуі тиіс", - деді су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2133900-qazaqstanda-sudyng-qara-narygymen-kures-kusheiedi/