Маңғыстауда ер адам әйелін пышақтаған: полицейлерге қатысты тергеу басталды
Жарияланған күні:
Читать на русскомМаңғыстау облысында әйелін пышақтамақ болған ер адамды ұстауға қатысқан полицейлерге қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр. Бұл туралы облыстық ПД хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ Lada басылымына сілтеме жасап.
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі тексеру қорытындысы бойынша құқықтық баға берілетінін хабарлады.
Ведомство мәліметінше, басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.
Ескее сала кетейік, бұған дейін желіде Маңғыстау облысы Маңғыстау ауылындағы супермаркет жанында жатқан әйел түсірілген видео пайда болған еді. Куәгерлердің айтуынша, ер адам әйелін пышақтап кеткен.
Қазір шабуыл жасаған адам ұсталды. Адам өлтіруге оқталу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Кейін зардап шеккен әйелдің жағдайы, оның аяғы ауыр екені белгілі болды. Аурухананың баспасөз қызметінің хабарлауынша, келіншекті кезекші хирург, травматолог пен реаниматолог дәрігерлер тексеріп, зертханалық анализдерін қарап, шұғыл түрде ота жасаған.
"Науқастың диафрагма мен бауыры, ішкі қабырғалары, өкпе тіндері зақымдалған. Қол-аяқтың жоғарғы және төменгі бөлігі бірнеше рет пышақталған. Науқастың аяғы ауыр, жүктілігі - 10 апта.
Қазір науқастың жағдайы – тұрақты ауыр. Есін біледі. Гемодинамикасы тұрақты. Жансақтау бөлімінде емделіп жатыр", - делінген баспасөз хабарламасында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2133903-manggystauda-er-adam-aielin-pyshaqtagan-politseilerge-qatysty-tergeu-bastaldy/