Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Наурыз" бағдарламасы: баспана алуға өтінім берген үміткерлер тізімі жарияланды

Жарияланған күні:

Кілт табыстау
Кілт табыстау. Көрнекі сурет: Ivant Weng Wai / Getty Images

25 сәуірде Қазақстанда "Наурыз" тұрғын үй бағдарламасы іске қосылған болатын. 38 мыңнан астам өтініш қаралып, баспаналы болуға мүмкіндік алғандардың тізімі шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Отбасы банктің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Наурыз" бағдарламасының рейтингтік кезеңі сәтті аяқталғанын хабарлаймыз. Өтініштердің жалпы саны 38 000-нан астам болып, олардың 12 500-і қабылданды", - делінген Отбасы Банктің Instagram-дағы ресми парақшасында.

Нәтижелерді Отбасы Банк сайтынан мына сілтеме арқылы білуге болады: https://hcsbk.kz/ru/to-get-a-loan/nauryz/

Еске сала кетейік, "Наурыз" бағдарламасының шарттары келесідей:

  • алғашқы жарна – 20 пайыздан бастап;
  • тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін кредит бойынша мөлшерлеме – 7 пайыз (ЖТСМ 7,3%-дан 8,9% дейін);
  • азаматтардың барлық санаттары үшін кредит бойынша мөлшерлеме - 9% (ЖТСМ 9,3%-дан 11,8% дейін);
  • несие мерзімі – 19 жылға дейін.

Заемның ең жоғарғы мөлшері:

  • Алматы мен Астана қалалары үшін – 36 млн теңгеге дейін;
  • қалған өңірлер үшін – 30 млн теңгеге дейін.

Қатысушылардың несиелік өтінім беруге тағы 1,5 ай уақыты бар. Келесі кезең – несие өтінімдерін беру. Оны үш ыңғайлы тәсілмен беруге болады:

  • Отбасы Банк филиалдарына келіп өтінім беру;
  • Отбасы Банкінің кеңесшілері арқылы;
  • Видеобанкинг арқылы онлайн.

"Баспана маркет" жылжымайтын мүлік порталында (otbasybank.kz) пәтер таңдауға болады. Тұрғын үй кешеніне шолулар күнделікті "Отбасы Банкінің" әлеуметтік желілерінде жарияланады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2134071-12-myng-500-adam-baspanaly-boldy-nauryz-bagdarlamasynyng-tizimi-zhariialandy/