Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қамшымен ұрып, қарумен қорқытты": Алматы облысында байкерлер мен шабандардың жанжалы видеоға түсіп қалды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Алматы облысында байкерлер мен шабандар жанжалдасып қалды
Алматы облысында байкерлер мен шабандар жанжалдасып қалды. Видеодан кадр: t.me/egovpress

Әлеуметтік желіде байкерлер мен атқа мінген ер адамның арасында болған жанжалдың видеосы тарады. Облыстық полиция департаменті қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видео Telegram-дағы EGOV.PRESS арнасында жарияланды. Оқиға Алматы облысының Қарасай ауданында болды. Кадрлардан байкерлер мен атқа мінген ер адамдар арасындағы жанжалды көруге болады. Пост авторының жазуынша, төбелеске қатысушылардың бірі соққыға жығылған.

Бұл оқиғаға байланысты облыстық полиция департаментінің өкілдері Instagram желісіндегі ресми парақшада жауап берді.

"14 шілдеде Алматы облысы Қарасай ауданының полицейлеріне "Известковый" тауларында белгісіз біреулердің бір топ адамға шабуыл жасағаны туралы хабарлама келіп түсті.

Жәбірленушінің айтуынша, шабуылдаушылар оны және оның достарын малды үркітті деп айыптаған. Содан кейін қамшымен ұрып, қарумен қорқытқан. Қазіргі уақытта бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Шабуыл жасағандарды ұстау бойынша жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр, - делінген хабарламада.

Ескерту: Видео бейәдеп сөздер бар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2134122-qamshymen-uryp-qarumen-qorqytty-almaty-oblysynda-baikerler-men-shabandardyng-zhanzhaly-videoga-tusip-qaldy/