Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таразда су шаруашылығы және ирригация университеті құрылады: Бектенов тиісті қаулыға қол қойды

Жарияланған күні:

Студенттер
Студенттер. Көрнекі фото: Рixabay.com

Таразда жаңадан құрылған су шаруашылығы және ирригация университеті өз жұмысын бастайды. Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Бұл туралы үкіметке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпаратта сәуірде ҚР Президенті жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңесте мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тараз гидромелиоративтік-құрылыс институтын тиісті материалдық-техникалық қамтамасыз ету арқылы қалпына келтіру шараларын қабылдауды тапсырғаны айтылған.

"Осы міндетті іске асыру шеңберінде үкімет "М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамын қайта құру және оның негізінде екі ЖОО – "М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамын ("ТарУ" КеАҚ) және "Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамын ("ҚазҰСШИУ" КеАҚ) құру туралы шешім қабылдады. Оқу орындары олардың жарғылық капиталдарына мемлекеттің жүз пайыз қатысуы арқылы құрылды.

Осылайша, арнайы оқу орны су шаруашылығы мен ирригация жүйесі үшін жоғары білікті кадрларды тұрақты түрде даярлайды", - делінген үкімет хабарламасында

Ведомство хабарламасында ҚазҰСШИУ-да "Су шаруашылығы және мелиорация", "Геодезия және картография", "Су шаруашылығындағы гидротехникалық құрылыс", "Сумен жабдықтаудың инженерлік жүйелері", "Су шаруашылығындағы инновациялық технологиялар" атты жаңа білім беру бағдарламалары енгізілетіні баса айтылған.

2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап жаңа ЖОО студенттер қабылдай алады деп жоспарланып отыр.

ҚазҰСШИУ-ға 2024-2025 жылдарға 245 орынға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының нысаналы квотасы (бакалавриатқа – 210, магистратураға – 20, докторантураға – 15) бөлінді.

Білім беру цикліндегі жалпы контингент саны – 4 мың.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2134281-tarazda-su-sharuashylygy-zhane-irrigatsiia-universiteti-qurylady-bektenov-tiisti-qaulyga-qol-qoidy/