Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады

Жарияланған күні:

Теледидар пультін қолға алған бойжеткен
Теледидар пульті. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қазақстанда 17 шілдеде жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізілетіндіктен, телерадиохабарлар тарату уақытша тоқтатылады. Бұл туралы "Қазтелерадио" АҚ сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Қазтелерадио" АҚ телерадио хабарларын таратудың үздіксіз әрі сапалы болуын қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді.

17 шілдеде сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты, яғни жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады.

Компания өкіледрі уақытша қолайсыздықтар үшін көрермен, тыңдарманнан кешірім сұрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2134302-elimizde-teleradioarnalardy-retransliatsiialau-uaqytsha-toqtatylady/