Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Терроризм актісі туралы жалған ақпарат таратқандарға қанша млн теңге айыппұл салынады

Жарияланған күні:

Сот балғасы
Сот балғасы. Көрнекі фото: seb_ra / Getty Images

Бас прокуратура терроризм актісі туралы көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын және ірі көлемде айыппұл салынатынын ескертті. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыздар.

Бас прокуратураның ресми өкілі терроризм актісі туралы жалған хабарламалар қоғамды тағы алаңдата бастағанын мәлімдеді. Әлеуметтік желілер мен месенджерлерде мектептерге шабуыл жасау қаупі бар екендігі туралы жасырын хабарламалар жарияланған.

"Сауда, ойын-сауық орталықтарының, білім беру ұйымдарының, көлік нысандарының (әуежай, вокзал, теміржол) электронды мекенжайларына терроризм актілері туралы жалған хабарламалар келіп түсуде. Мұндай хабарламалар адамдарды эмоционалдық күйзеліске ұшыратады, коммерциялық және мемлекеттік мекемелерге айтарлықтай зиян келтіреді. Құқық қорғау органдары мен апаттық-құтқару қызметтері өз күштері мен ресурстарын алаңдатуға мәжбүр болады", - дейді бас прокуратура өкілі.

Бас прокуратура өкілі терроризм актісі туралы көрінеу жалған ақпарат таратушыға Қылмыстық кодекстің 273-бабына сәйкес 5000 АЕК (18 млн теңгеден астам) мөлшерінде айыппұл салынатынын не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 5 жылға дейінгі мерзімде бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланатынын ескертті. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2134311-terrorizm-aktisi-turaly-zhalgan-aqparat-taratqandarga-qansha-mln-tengge-aiyppul-salynady/