Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облыстық клиникалық аруханасын басқарған маман денсаулық сақтау вице-министрі болды

Жарияланған күні:

Ержан Нұрлыбаев
Ержан Нұрлыбаев: primeminister.kz

Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен Ержан Нұрлыбаев денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомство сайтында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, Ержан Нұрлыбаев 1975 жылы Теміртау қаласында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік медицина академиясын "Емдеу ісі" мамандығы бойынша, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін "Менеджмент" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1998 жылы Қарағанды №1 қалалық ауруханасында дәрігер-хирург болып бастаған. 

2004-2006 жылдары осы медициналық мекемеде директордың емдеу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 

Әр жылдары Қарағанды облысының бас хирургі болып қызмет істеді, Х.Ж. Мақажанов атындағы облыстық травматология және ортопедия орталығын басқарды. 

2014-2021 жылдары – Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы. 

2021 жылдан бастап "ҚМУ" КеАҚ директорлар кеңесінің төрағасы. 

Қазіргі уақытқа дейін Қарағандыда Облыстық клиникалық аурухананың директоры болып қызмет атқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2134329-erzhan-nurlybaev-densaulyq-saqtau-vitse-ministri-lauazymyna-taiyndaldy/