Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Головкин Тоқаевқа ұлттық құраманың Париж Олимпиадасына әзірлігі жөнінде баяндады

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев, Геннадий Головкин
Қасым-Жомарт Тоқаев, Геннадий Головкин. Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкинді қабылдады. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпарат бойынша, Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық құраманың Париж Олимпиадасына әзірлігі жөнінде мәлімет берілді.

"Геннадий Головкин ұйымның халықаралық бағыттағы қызметін үйлестіру шаралары, сондай-ақ салалық білім беру жобалары туралы баяндады. Оның айтуынша, ҰОК Халықаралық Олимпиада комитетімен, Азия Олимпиада кеңесімен және басқа елдердің осындай құрылымдарымен байланысты жандандырып жатыр", - делінген ресми хабарламада.

Сонымен қатар ол Ұлттық олимпиада комитеті спортшылардың құқығын қорғауға бағытталған жобаларға баса мән беріп отырғанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2134341-toqaev-gennadii-golovkindi-qabyldady/