Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында төрт елде іздеуде жүрген күдікті ұсталды (видео)

Жарияланған күні:

Қылмыскер әйел
Қылмыскер әйел. Фото: polisia.kz

Жамбыл облыстық полиция департаментінің қызметкерлері төрт елде – Қазақстан, Өзбекстан, Ресей және туған жері Қырғызстанда алтын бұйымдарын ұрлады деген күдікпен 43 жастағы қырғызстандық әйелді ұстады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомствоның медиа-ақпараттық порталының хабарлауынша, күдікті 11 шілдеде ұсталған. Әйел іздеуде бастамашы болған Өзбекстанның Самарқан облысы ішкі істер басқармасының қызметкерлеріне тапсырылады.

"Әйел адам 2023 жылдың қараша айынан бастап Өзбекстан Республикасы қылмыстық кодексінің 169-бабы 2-бөлігінде (ұрлық) көзделген қылмыс жасағаны үшін мемлекетаралық іздеуде болған", - деді ІІМ өкілдері

Ол Ресей, Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан аумағында зергерлік дүкендерден алтын бұйымдар ұрлаған деген күдікке ілінген. Біздің елдің аумағында Жамбыл облысы Қордай ауданындағы зергерлік дүкеннен алтын бұйымдарды ұрлап кеткен. 

Еске сала кетейік, осы жылғы ақпанда Шығыс Қазақстан облысының полицейлері алаяқтық және ұрлық жасады деген күдікпен іздеуде жүрген Тәжікстан азаматын ұстаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2134380-zhambyl-oblysynda-tort-elde-izdeude-zhurgen-qylmysker-ustaldy/