Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстауда ер адам аяғы ауыр әйелін пышақтаған: дәрігерлер келіншектің қазіргі жағдайын айтты

Жарияланған күні:

Ем алып жатқан науқас
Науқас. Көрнекі фото: pixabay.com

Маңғыстау ауылында күйеуі пышақтап кеткен жәбірленушінің жағдайын дәрігерлер тұрақты әрі ауыр деп бағалап отыр. Олардың мәлімдеуінше, түсік тастау қаупі сейілген. Бұл туралы lada.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының баспасөз қызметі басылымға жәбірленуші есін білетінін, қазір емделіп жатқанын мәлімдеген.

"Жағдайы тұрақты, ауыр. Жүктілік сақталды, қауіп жоқ. Ем жалғасып жатыр", - деп хабарлады емдеу мекемесінің өкілдері.

Еске салсақ, бұған дейін желіде Маңғыстау облысы Маңғыстау ауылындағы супермаркет жанында жатқан әйел түсірілген видео тараған еді. Куәгерлердің айтуынша, ер адам әйелін пышақтап кеткен.

Шабуыл жасаған ер адам ұсталды. Оның үстінен адам өлтіруге оқталу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Кейін зардап шеккен әйелдің аяғы ауыр екені мәлім болды.

2000 жылы туған әйел облыстық көпсалалы аурухананың қабылдау бөліміне 13 шілдеде түнгі сағат 22:40 шамасында түскен. Аурухананың баспасөз қызметінің хабарлауынша, келіншекті кезекші хирург, травматолог пен реаниматолог дәрігерлер тексеріп, зертханалық анализдерін қарап, шұғыл түрде ота жасаған.

Көп ұзамай әйелін пышақтамақ болған ер адамды ұстауға қатысқан полицейлерге қызметтік тексеріс жүргізіліп жатқаны хабарланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2134398-manggystauda-er-adam-aiagy-auyr-aielin-pyshaqtagan-darigerler-kelinshekting-qazirgi-zhagdaiyn-aitty/