Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

125 миллион шығын: Алматыда жоғары лауазымды шенеунік сотқа тартылды

Жарияланған күні:

Күдікті әйел
Ұсталған күдікті. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Антикор Алматы мәдениет басқармасы басшысының орынбасарына қатысты тергеуді аяқтады. Бұл туралы ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Бұл ақпарат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Telegram-дағы ресми арнасында жарияланды.

"Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәдениет басқармасы басшысының орынбасарына қатысты тергеуді аяқтады.

Ол қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланған, бюджет қаражатын жымқырған және кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысқан деген күдікке ілініп отыр.

Оның қылмыстық әрекеттерінің салдарынан мемлекетке 125 млн теңгеден астам сомаға материалдық залал келтірілді", - делінген Антикор хабарында.

Күдікті сотқа тартылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2134431-125-million-shygyn-almatyda-zhogary-lauazymdy-sheneunik-sotqa-tartyldy/