Петропавлда танымал блогер автобус жүргізушісімен төбелесіп қалды (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русскомПетропавлда қаладағы танымал блогер болып шыққан жолаушы мен автобус жүргізушісі арасындағы жанжал видеоға түсіп қалды. Полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Петропавл қаласының тұрғыны Instagram-дағы парақшасында төбелестің видеосын жариялады. Оның айтуынша, жанжал жолаушының жол жүру ақысының түбіртегін көрсетпей автобустан түсуінен басталған.
"Біздің бір "жұлдызымыз" Петропавлда қоғамдық көлікте жүру ережесін білмейтін шығар... Мен айтайын. Алдын ала алдыңғы есікке барып, кондуктор болмаған кезде жүргізушіге төлемді көрсету керек (ережелер автобуста жазылған, бірақ Владимирге жазылмаған сияқты). Бар процедура осы.
Бірақ Владимир адамдар кіретін есіктің алдында тұрды, ал жүргізуші алдыңғы есіктің жанында ешкім болмағандықтан аялдамадан өтіп кетті. "Қаһарман" көңілі толмаған күйде ол "Тоқтау керек емес пе? Мен осы жерден шығамын" деп айқайлады. Жүргізуші оған сабырмен жауап беріп, жүре берді. Келесі аялдамада адамдар түсіп жатқанда Владимир төлемді көрсетпей ортаңғы есіктен секіріп кетті", - деп жазды бойжеткен.
Осыдан кейін оның айтуынша, жүргізуші автобустан түсіп, жас жігітті тоқтатпақ болған. Артынша төбелес басталған.
Видеода қақтығысқа қатысушылардың бірі қаладағы танымал блогер Владимир Пекарский екені көрінеді.
Кейінірек блогер видео түсіріп, жүргізуші оны қуып жетуге тырысып, оған әдепсіз сөздер айта бастағанын, содан кейін ол бірінші болып оның ішінен ұрғанын айтты. Одан кейін не болғанын және видеоға түсіп қалғанын Пекарский өзін-өзі қорғау деп атады.
Блогердің видео түсіндірмесі YouTube-тегі SKOPETRO арнасында жарияланған.
Бұл жағдайға Солтүстік Қазақстан полиция департаменті де түсініктеме берді.
"12 шілдеде Петропавл қалалық полиция басқармасына жолаушылар автобусының жүргізушісі Жұмабаев көшесінде жолаушымен жанжал туындағаны туралы хабарлаған.
Тәртіп бұзушының жеке басы анықталды. Ол 32 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Бұзақылық фактісі бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде", - делінген хабарламада.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2134449-petropavlda-tanymal-bloger-avtobus-zhurgizushisimen-tobelesip-qaldy-video/