Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында бір ауылды су басты

Жарияланған күні:

Cу басқан ауыл. Фото
Cу басқан ауыл. Фото: 112 KZ

Алматы облысының құтқарушылары облыстағы ауылдардың бірінде үйлер мен аулаларды су басып жатқанын хабарлады. Бұған дейін ол жерде қатты жаңбыр жауған, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, Алматы облысы Жамбыл ауданы Беріктас ауылында жауын-шашынның көп түсуіне байланысты көлбеу ағын пайда болып, салдарынан 15 аула аумағы мен 3 тұрғын үй су астында қалды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдар 2 мың қап инертті материал дайындағаны хабарланды.

Су басқан жерлерден су сорып, лайдан тазарту, арық жүйесін тереңдету жұмыстары жүргізілген, жағдай төтеншеліктер бақылауында.

Жұмысқа Төтенше жағдайлар департаментінен, Жергілікті инспекциядан және Төтенше жағдайлар министрлігінің 28237 әскери бөлімінен 100-ден астам жеке құрам, 11 мотопомпа және 16 техника жұмылдырылды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы облысы Жібек жолы ауылындағы кей көшелерді су басқанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2134527-almaty-oblysyndagy-auyldardyng-birinde-zhangbyr-saldarynan-uiler-men-aulalardy-su-basty/