Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында мотоцикл жүргізушілеріне қамшы сілтеген күдіктілер ұсталды

Жарияланған күні:

Шабуылдау. Фото
Шабуылдау. Фото: police_almobl

Алматы облысында байкерлерге шабуыл жасады деген күдіктілердің ұсталғаны белгілі болды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қарасай ауданының полиция қызметкерлері Алматы облысының тауларында байкерлерге қамшы сілтеген үш күдіктіні ұстады.

Қазір олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Бір топ адам жасаған бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр, қару тәркіленіп, сараптамаға жіберілді", - делінген хабарламада.

Алдын ала болжам бойынша, мотоцикл жүргізушілері ұсталғандардың малын үркіткен.

Полиция департаменті өкілінің мәлімдеуінше, қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда мопедшілер мен көлік жүргізушісі арасында төбелес шыққаны туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2134545-almaty-oblysynda-mototsikl-zhurgizushilerine-qamshy-siltegen-kudiktiler-ustaldy/