Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да үш қыз Жайық өзеніне батып кетті

Жарияланған күні:

Өзен
Өзен. Көрнекі сурет: pixabay.com

Батыс Қазақстан облысындағы Мерген ауылының маңында кәмелетке толмаған үш қыз суға батып кетті. Оларды 70-ке жуық адам іздеген, деп хабарлайды "Мой город" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ

Батыс Қазақстан төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 11 шілдеде Ақжайық ауданы Мерген ауылы маңындағы Жайық өзенінің жағасынан белгісіз жағдайда жоғалып кеткен қыздардың заттары табылды. Бұл маңда суға түсуге тыйым салынған.

Біраз уақыттан кейін құтқарушылар судан үш қыздың денесін шығарды. Оның екеуі 13 жаста болса, біреуі 12 жаста. Балаларды іздеуге 70-ке жуық адам мен 20 техника жұмылдырылған.

Батыс Қазақстан денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, кәмелетке толмаған қыздардың өлімін Мерген ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның медицина қызметкері растаған.

Суға түсу маусымы басталғалы облыста алты бала суға батып кеткені атап өтілді.

Айта кетейік, Солтүстік Қазақстанда ағайынды балалар қолдан жасалған пирстен секіріп, суға батып кеткен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2134554-bqo-da-ush-qyz-zhaiyq-ozenine-batyp-ketti/