Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Стати ісі: тараптар дауды бейбіт жолмен шешу туралы келісімге қол қойды

Жарияланған күні:

Судья қағазға қол қоюда
Судья. Көрнекі фото: Рexels.com

Қазақстан Үкіметі, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі және Стати тараптары мұнай-газ активтеріне қатысты дауды бейбіт және өзара қолайлы шешу туралы негіздемелік келісімге қол қойды. Бұл туралы Әділет министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Министрліктің мәліметінше, Қазақстан Республикасының үкіметі, Қазақстан Ұлттық банкі мен Tristan Oil жетекші кредиторларының қолдауымен және келісімімен Стати тараптары Қазақстандағы мұнай-газ активтері туралы ұзақ мерзімді дауды бейбіт және өзара қолайлы реттеу туралы заңды күші бар негіздемелік келісімге қол қойды.

Тараптар барлық заңды талқылауларды тоқтатуға және барлық юрисдикциялардағы қазіргі талаптарды тоқтатуға әкелетін өзара қолайлы шарттар бойынша келісімге келді.

"Біз негіздемелік келісімді қолдаймыз және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құрметке сай реформаларының бөлігі ретінде Әділ Қазақстан құру туралы шешімін құптаймыз. Осы дауды реттеу Қазақстанның халықаралық шарттық міндеттемелерін сақтауын куәландырады, бұл инвестицияларды ұлғайтуға және оның экономикалық өсу әлеуетін арттыруға жол ашады. Біз Қазақстан үшін жаңа дәуірді құптаймыз" - деді Argentem Creek Partners өкілі Дэниел Чапман.

Argentem Creek Partners – Стати тараптарының инвестициялық құралы Tristan Oil Limited-тің кредиторлары болып саналатын нақты қорлардың инвестициялық басқарушысы.

Сондай-ақ шешімге қатысты Азамат Есқараев пікір білдірді.

"Бұл келісім қоғамдық мүдделерді ескере отырып қабылданды және бюджеттік қаражатты жұмсауды көздемейді. Осы қадам елімізге жаңа инвестицияларды тартуға және экономиканың дамуына оң әсер ететініне сенеміз" - деді Қазақстан Республикасының Әділет министрі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2134602-stati-isi-taraptar-daudy-beibit-zholmen-sheshu-turaly-kelisimge-qol-qoidy/