Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда бірнеше атом станциясы салынуы мүмкін бе: министр атом индустриясын дамыту жоспары туралы айтты

Жарияланған күні:

АЭС
АЭС. Көрнекі сурет: gov.kz

Үкімет брифингінде энергетика министрлігінің басшысы Қазақстандағы болашақ референдумда бір ғана атом электр станциясын салу мәселесі ғана шешілмейтінін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Біз, Энергетика министрлігі, осы референдум туралы сөз қозғағанда, Қазақстанда бір ғана атом станциясын салу мәселесін көтеріп отырған жоқпыз, атом энергетикасын дамыту сөз болып отыр. Атом энергетикасы – атом индустриясының бір бөлігі", - деді энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.

Ол Қазақстанда жастар арасында атом энергетикасын дамытуға үлкен қызығушылық бар екенін, министрлік елде бұл саланың пайда болуына "шынайы қолдау" көріп отырғанын айтты.

"Неге бізде әлі күнге дейін атом энергетикасы дамымай жатыр?" деп ашық талқылайды. Барлығы индустрияны, ғылымды, жаңа мүмкіндіктерді, электрониканы дамытуды, білім берудің, технологияның сапалы жаңа деңгейін дамыту перспективасын түсінеді. Біз қазір Қазақстан азаматтарының үлкен қызығушылығы бар екенін көріп отырмыз", - дейді энергетика министрі.

Айта кетейік, 27 маусымда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АЭС салу бойынша референдум биыл күзде өтетінін мәлімдеген еді.

Шын мәнінде, елімізде атом энергетикасын дамытуға зор мүмкіндік бар. Оны дұрыс, яғни тиімді пайдаланған жөн. Осы мәселеге қатысты соңғы шешімді халық қабылдайды. Референдум биыл күзде өтеді", - деді президент

Ол нақты датаны үкімет айқындайтынын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2134800-qazaqstanda-birneshe-atom-stantsiiasy-bola-ma-ministr-atom-industriiasyn-damytu-zhospary-turaly-aitty/