Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Төтенше жағдайлар министрлігінде жаңа комитет құрылды

Жарияланған күні:

Читать на русском
ТЖМ
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі жаңа комитетті құрды. Тиісті қаулыға премьер-министр қол қойды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Құжат НҚА Эталондық бақылау банкінің сайтында жарияланған.

"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі құрылсын.

Төтенше жағдайлар министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын", - делінген құжатта.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Ведомствоның ресми сайтында жарияланған мәліметке сүйенсек, қазір Төтенше жағдайлар министрлігінде 5 комитет бар:

  • Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті
  • Өртке қарсы қызмет комитеті
  • Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті
  • Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті
  • Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2134821-totenshe-zhagdailar-ministrliginde-zhanga-komitet-quryldy/