Қазақстандықтар тамыз айында қанша күн демалады
Жарияланған күні:
Читать на русскомТамыз айында қазақстандықтар демалыс күндерден бөлек тағы бір күн демалады. Жыл сайын әдеттегідей 30 тамызда Конституция күні тойланады. Биыл ел тұрғындары қанша күн демалатынын KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.
Мереке және демалыс күндер күнтізбесіндегі ақпаратқа сәйкес, 2024 жылы 30 тамыз Конституция күні жұмаға сәйкес келеді. Сондықтан бұл күн ел тұрғындары үшін демалыс күні болады.
Осылайша, келесі айдың соңында қазақстандықтар демалыс күндерін қосқанда үш күн қатарынан – 30, 31 тамыз және 1 қыркүйекте демалады.
Тамыз айында бес күндік жұмыс істейтін қазақстандықтар 10 күн демалады.
Еске салайық, 1995 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясы жалпыхалықтық референдумда қабылданған болатын. Бұл күні еліміздің барлық облысы мен қаласында дәстүрлі түрде жаппай мерекелік шаралар мен концерттер өтеді.
"Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңға сәйкес Конституция күні мемлекеттік мереке болып саналады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2134860-qazaqstandyqtar-tamyz-aiynda-qansha-kun-demalady/