Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда наркологияға жатқызылған ер адам жұмбақ жағдайда көз жұмған

Жарияланған күні:

Аурухана іші
Аурухана. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Наркологияға жатқызылған 47 жастағы Атырау тұрғыны қайтыс болды. Марқұмның туыстары және адвокаты ер адам өз ажалынан өлмеген деп күмәнданады. "Ақжайық" басылымы істің мән-жайын хабарлады.

Басылым мәліметінше, 19 мамырда кешке қала тұрғыны Сергей Гутайды полиция қызметкерлері үйінен алып кетіп, келесі күні әкімшілік сотқа жеткізіп, "Құқық бұзушының мінез-құлқына сот белгілеген ерекше талаптарды бұзғаны үшін" (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 669-бабының 2-бөлігі) он тәулікке қамауға алған.

Көп ұзамай әкімшілік қамауға алуды тоқтатуға тура келген. Түнде полицияның арнайы қабылдау орнынан Сергейді Психикалық денсаулық орталығына жеткізген, ол жерде бір тәуліктен сәл астам уақыт болған.

"Мен оның қайтыс болғанын 25 мамырда таңертең білдім. Мәйітханаға тануға полицияның қатысуымен ғана кіре алдық. Ал түсірілген видеода оның қатты соққыға жығылғаны анық көрінеді. Маңдайында, мойнында, жақ сүйегінде, кеудесінде, шабында, қолында және аяқтарында көгерген жерлер мен гематомалар көп. Аяғы мен қабырғасы сынған болуы мүмкін", - дейді марқұмның ағасы Виктор Гутай.

Іс материалдарына сәйкес, полицейлер Сергейді алып кеткеннен кейін оның орташа дәрежеде мас болғаны көрсетілген. 23 мамырға қараған түні наркологиялық диспансерге "алкогольді тұтынудан туындаған психикалық және мінез-құлық бұзылыстары, елірген абстиненттік күй" диагнозымен жеткізілген. Ал 24 мамырда таңда қайтыс болған.

"Сол күні сот-медициналық сараптама тағайындалды. Бастапқыда мәйіт қылмыстық сипаттағы айқын белгілерсіз табылды деп қылмыстық іс қозғалды, бірақ менің дәлел келтірген өтінішімнен кейін істі Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі – "Кісі өлтіру" бабымен қайта сараланды", - дейді заңгер Айбар Қосымбаев.

Сонымен қатар 1 маусымда полиция қорғаушының комиссиялық сот-медициналық сараптама жүргізу туралы өтінішін қанағаттандырды.

Адвокаттың айтуынша, Психикалық денсаулық орталығында орналасқан бейнебақылау камераларынан алынған бірнеше жазба бар. Онда полиция қызметкерінің Сергей Гутайды қабылдау бөлмесіне қалай жеткізгені, кейін оның, шамасы темекі шегуге шығар, демалыс сұрағаны, көмексіз өз бетінше қозғалғаны және содан кейін... оның денесін зембілмен шығарып бара жатқаны көрінеді.

Сот-медициналық сараптама қорытындысы 25 маусымда белгілі болды. Соған сәйкес өлімге "жүрек-қантамыр жеткіліксіздігімен асқынған алкогольдік кардиомиопатия" себеп болыпты. Сарапшылар ешқандай сынған жерлерді таппады, ал бар сызаттар мен көгерген жерлер "сараптамадан 3-5 күн бұрын тірі кезінде денсаулыққа жеңіл зиян келтірген және өлімге себеп-салдарлық байланысы жоқ". Қорытындыға гистологиялық зерттеу нәтижелері қоса берілуі керек еді, бірақ қандай да бір себептермен олар болмаған.

Басылым тілшілерінің жазуынша, Гутайдың туыстары мұндай сараптамамен келіспейді және әлдебіреудің шынымен де жүргізгісі келмейтін дәл сол комиссиялық сот сараптамасын жасағылары келеді. Ал марқұмның інісіне қайта-қайта мәйітті шұғыл мәйітханадан алып, жерлеуді сұрайды. Ал жерлегеннен кейін комиссиялық сараптама жүргізу қиын, тіпті мүлде мүмкін емес болады, дейді марқұмның туыстары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2134911-atyrauda-narkologiiaga-zhatqyzylganyna-bir-kun-bolgan-er-adamnyng-zhumbaq-olimi-tergelip-zhatyr/