Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларына өзгерістер енгізілді

Жарияланған күні:

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі біржолғы зейнетақы төлемдерін тұрғын-үй жағдайларын жақсарту үшін пайдалану қағидаларына өзгерістер енгізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ведомствоға сілтеме жасап хабарлайды.

Министрлік мәліметінше, енгізілген өзгерістерге сәйкес тұрғын үй сатып алу мақсатында бұрын біржолғы зейнетақы төлемдерімен толықтырылған "Отбасы Банк" АҚ депозиттерінде қаражатты жинақтау мерзімі 3 жылдан 6 жылға дейін ұзартылды.

"Бұдан бөлек, депозитті ерлі-зайыптыларға және (немесе) жақын туыстарына беру көзделген.

Бұл ретте мұндай салымды үшінші тұлғаларға одан әрі беруге жол берілмейді", - делінген хабарламада.

Бұйрық ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2135004-elimizde-birzholgy-zeinetaqy-tolemderin-paidalanu-qagidalaryna-ozgerister-engizildi/