Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Антикор: Шет елдерден Қазақстанға 736 млн доллардан астам ақша, жылжымайтын мүлік қайтарылды

Жарияланған күні:

Ақша
Ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Анкор халықаралық құқық қорғау желілерінің көмегімен Австрия, Франция, Лихтенштейн, Әмірліктер, Түркия, Ресей және басқа елдерден елге 736 млн доллардан астам ақша, бағалы қағаздар, жылжымайтын мүлік, зергерлік бұйымдар қайтарылғанын мәлім етті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ құзырлы органға сілтеме жасап хабарлайды.

Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағали алқа отырысы барысында жемқорлық қылмыстарынан келтірілген залалды өтеу және заңсыз алынған активтерді қайтару жөніндегі жұмыстың маңыздылығын атап өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет аяқталған қылмыстық істер шеңберінде жыл басынан бастап шамамен 195 млрд теңгені өтеген.

"Агенттіктің 2,5 жыл ішінде олигополиялар тарапынан Қазақстан халқына 1,07 трлн теңге қайтарылды. Бұл жұмыс – БҰҰ-ның тиісті Конвенциясында белгіленген жемқорлыққа қарсы күрестің іргелі халықаралық қағидаты", - дейді құзырлы орган өкілдері.

Агенттік мамандары халықаралық құқық қорғау желілерімен – БҰҰ жанындағы GlobE, Эгмонт, CARIN және ARIN тобымен белсенді ынтымақтастық жүргізіп, бұл шетелдік серіктестермен ақпарат алмасуды айтарлықтай жеделдетіп, жеңілдететінін атап өтті.

"Нақты елдермен екіжақты ынтымақтастық маңызды рөл атқарады, соның арқасында Австрия, Франция, Лихтенштейн, Әмірліктер, Түркия, Ресей және басқа елдерден елге 736 млн доллардан астам ақша, бағалы қағаздар, жылжымайтын мүлік, зергерлік бұйымдар қайтарылды.

Бүгінгі таңда Агенттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомстволармен 13 меморандум жасасты, оның төртеуіне биыл қол қойылды", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2135016-antikor-shet-elderden-qazaqstanga-736-mln-dollardan-astam-aqsha-zhylzhymaityn-mulik-zergerlik-buiymdar-qaitaryldy/