Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БЖЗҚ өкілдері зейнетақы төлемдерін мерзімінен бұрын алу туралы ұсыныстарға жауап берді

Жарияланған күні:

Читать на русском
БЗЖҚ филиалына келушілердің бірі
БЗЖҚ-ға келген тұрғын. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

БЖЗҚ өкілдері Қазақстанның зейнетақы жүйесіне қатысты сарапшылардың шу тудырған ұсыныстарына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

БЖЗҚ баспасөз хабарламасында мәлім етілгендей Қазақстанның зейнетақы жүйесін дамыту бойынша сарапшылар тобының бұған дейінгі ұсыныстары көпшіліктің назарын аударып, кеңінен талқыланды.

Ведомсвто мәліметінше, зейнетақы жинақтарын шешіп алу мәселелері бойынша сарапшылардың кешенді ұсыныстарының бұрмаланған түсіндірмелері және дәйексіз ақпарат жарыққа шыға бастады.

"Ең көп талқылауды тудырған тұрғын үйге және емделуге зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалану мәселесіне қатысты сарапшылардың ұсыныстарында қандай да бір тыйым салу жөніндегі ұсынымдар жоқ. Халықаралық тәжірибеде өзінің зейнетақы жинақтарын, ең алдымен, шұғыл медициналық мақсаттарға ішінара пайдалану мүмкіндігі бар.

Бұл ретте мұндай мақсатқа пайдалану тұрақты сипатқа ие болмауы тиіс және қария шақта зейнетақымен қамтамасыз ету үшін зейнетақы жинақтарын қалыптастыру сияқты негізгі міндет көлеңкеде қалып қалмауы тиіс. Зейнетақылардың лайықтылығын қамтамасыз ету жөніндегі негізгі міндетті шешу шеңберінде көлемі зейнетақы төлемдерінің көлемінен асатын жинақтарды тұрақты пайдалануды ақылға қонымды түрде шектеу керек.

Қазіргі уақытта пайдалану көлемі зейнетақы төлемдерінің көлемінен асты және бұл әрі қарай жалғасуда. Мерзімінен бұрын алынатын төлемдер қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының төмен болуына және болашақта әлеуметтік стандарттарға сай келмейтін жеткіліксіз зейнетақыға себеп болмауға тиіс", - делінген баспасөз хабарламасында.

БЗЖҚ мәліметінше, көп деңгейлі жүйелер әлемде ең тұрақты және әділ деп танылған, сондықтан мемлекеттік зейнетақы мен жинақтаушы зейнетақыны бір біріне қарсы қою түбегейлі дұрыс емес, өйткені, бұл құрамдауыштар қарама-қайшы емес, керісінше бірін-бірі толықтырады. Көп құрамдауышты зейнетақылар тұтастай алғанда азаматтарды зейнетақымен қамсыздандырудың тұрақтылығы мен лайықтылығын қамтамасыз етеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2135037-bzhzq-okilderi-zeinetaqy-tolemderin-merziminen-buryn-alu-turaly-usynystarga-zhauap-berdi/