Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семейде аспалы көпірде жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары тұрғындардың наразылығын туғызды (видео)

Жарияланған күні:

Көпірді жөндеу жұмыстары
Көпірді жөндеу жұмыстары. Фото: instagram.com/abayonline18

Семейде аспалы көпірді жөңдеуге тапсырыс берген жергілікті билік күлкіге қалды. Жұмысшылардың қарашайырды шелекке салып, газ балонның күшімен ерітіп құйып жатқан видеосы әлеуметтік желіде тарады. Ал мұны көрген тұрғындар наразылық танытып отыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ертістің екі бетін жалғап тұрған аспалы көпір тозып кеткен. Талай жылдан бері күрделі жөндеу жұмыстарын көрмеген. Жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары көптің көңілін көншітпеді. Себебі жұмысшылардың қарашайырды шелекке салып, газ балонның күшімен ерітіп құйып жатқан видеосы әлеуметтік желіде тарады. Оған тұрғындар сан алуан пікір қалдырған. Олардың бірі жергілікті биліктен орнын босатуын талап етсе, енді бірі көзбояушылықпен төселген асфальттің шыдамдылығына күмән келтіріп отыр.

"Келесі жылы аспалы көпірге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Келесі жылға дейін біраз шыдай тұрсын деп жатқан секілді. Тарап жатқан видеоларға қарасақ, дұрыс техника жоқ. Эксковатормен қопарып, шелектермен тасып жатыр. Оның бәрі дұрыс емес",- деді Семей қаласының тұрғыны Роллан Мәшпиев.

Ал мамандар әзірге көпірді қалыпқа келтіру үшін 90 млн теңге бөлінгенін жеткізді. Жұрттың наразылығын тудырған видеоға қатысты айтар уәжі бар.

"ПМА дедік қой. Өзінің технологиясы бар. Мұның астында темір төсем болғандықтан, бұл жерге кәдімгі асфальт келмейді",- дейді Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Әділбек Увасилов.

Ал аспалы көпірге күрделі жөңдеу жұмыстарын жүргізу келесі жылға жоспарланып отыр. Қазіргі таңда сметалық құжат әзірленіп жатыр.

Автор: Елжан Нұрболатов

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2135058-semeide-aspaly-kopirde-zhurgizilip-zhatqan-zhondeu-zhumystary-turgyndardyng-narazylygyn-tugyzdy-video/