"Жезөкшелікпен айналысады": Шымкент ПД оқушы қыздар түсірілген видеоға түсініктеме берді
Жарияланған күні:
Читать на русскомЖеліде Шымкентте 15 жастағы қыздардың боди массажист болып жұмыс істейтіні туралы ақпарат пайда болды. Бұған қатысты қалалық полиция департаменті түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"15 жасар оқушы қыздар интернеттен емін-еркін жарнама тауып, жұмысқа орналасып, ересек ер адамдарға боди массаж жасаған", - делінген желідегі ақпаратта.
Видеода әйел адам қыздарды қыздарды түсіріп, олардың жезөкшелікпен айналысатынын айтады.
"Олар жезөкшелікпен айналысады, массаж сияқты", - дейді автор.
Шымкент қалалық полиция департаменті бұл факт биыл мамырда анықталғанын хабарлады.
"Қылмыстық іс қозғалды. Барлық қатысы бар адамдар анықталып, полицияға жеткізілді. Бірқатар сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу шаралары жүргізілуде", - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2135076-zhezokshelikpen-ainalysady-shymkent-pd-oqushy-qyzdar-tusirilgen-videoga-tusinikteme-berdi/