Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үйіне барып, ұйықтап қалған": Алматыда пышақ жарақатын алған жасөспірімнің туыстары мән-жайды айтып берді

Жарияланған күні:

Аурухана
Ауруханадағы бала. Көрнекі фото: Getty Images / Alexandra Pavlova

Жақында Алматыда 15 жастағы жасөспірім пышақ жарақатын алды. Шабуыл жасаған күдікті ересек адам болып шықты. Оқиғаның мән-жайын жәбірленушінің туыстары айтып берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Бұған дейін Алматы тұрғыны әлеуметтік желіде Түрксіб ауданындағы үйлердің бірінің жанында 15 жастағы жиеніне ер адам пышақ жарақсатын салып, шабы жараланғанын айтқан. Оның айтуынша, күдікті 47 жастағы ер адам мас болған.

Кейін полиция дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Ер адам ұсталып, жасөспірім ауруханаға жатқызылды.

Телеарна мәліметінше, пышақ баланың шабына 6 сантиметрдей кірген, сан артериясына тимеген.

"Көрші ер адам, жиенімді жаралап, үйіне барып ұйықтап қалған. Менің білуімше, қылмыс жасалған қару табылмаған, мүмкін оны лақтырып жіберген немесе тығып қойған шығар. Біз білмейміз", - деді жәбірленушінің туысы.

Қазіргі уақытта жасөспірім алған жарақаттың ауырлығы анықталып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2135274-uiine-baryp-uiyqtap-qalgan-almatyda-pyshaq-zharaqatyn-algan-zhasospirimning-tuystary-man-zhaidy-aityp-berdi/