Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

eGov.kz өкілдері азаматтарға 1414-тен келетін хабарламаларға қатысты ескерту жасады

Жарияланған күні:

ХҚКО
ХҚКО. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Электрондық үкімет порталының өкілдері алаяқтық әрекеттерге байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады. Бұл туралы Instagram-дағы eGov.kz парақшасында хабарланды.

"Құрметті пайдаланушылар! Алаяқтардың құрбаны болмас үшін 1414-тен кодтары бар хабарламаларды үшінші тұлғаларға жібермеңіз. Алаяқтар хабарламадағы кодты пайдаланып, сіздің цифрлық деректеріңізге қол жеткізе алады", - делінген хабарда.

Осы орайда электрондық үкімет өкілдері үшінші тұлғаларға ЭЦҚ бермеу қажет екенін ескертті.

"ЭЦҚ-ны үшінші тұлғаларға бере отырып, сіз оларға заңды қол қою мүмкіндігін бересіз және оның салдары үшін жауап бересіз", - делінген хабарда.

Деректерді қалай қорғауға болады

  • 1414-тен жіберілген sms-кодты үшінші тұлғаларға бермеңіз;
  • ЭЦҚ үшінші тұлғаларға бермеңіз;
  • қызметкерлер жұмыстан босатылғаннан кейін ЭЦҚ кері қайтаруын қадағалаңыз;ресми
  • құжаттарға қол қоюға жауапты қызметкерлерге жеке ЭЦҚ беріңіз;
  • ЭЦҚ бар флешка жоғалған жағдайда бірден жаңа ЭЦҚ алыңыз;
  • ХҚКО алынған ЭЦҚ құпиясөзін ауыстырыңыз;
  • бейтаныс адамдардан ЭЦҚ кілтін ашу үшін ақылы көмекке жүгінбеңіз.

ЭЦҚ туралы Заңының 10 бабының 2-тармағына сәйкес ЭЦҚ жабық кілттерін басқа адамдарға беруге болмайды. Кодекстің 640-бабының 5-тармағына сәйкес ЭЦҚ-ның жабық кілтін басқа тұлғаларға заңсыз бергені жеке тұлғалар үшін 10 АЕК, ал заңды тұлғалар үшін 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2135403-egov-kz-okilderi-azamattarga-1414-ten-keletin-habarlamalarga-qatysty-eskertu-zhasady/