Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"ҰБТ кезінде шекті балл болмайды": этникалық қазақтар үшін Қазақстанда оқу талабы жеңілдетілді

Жарияланған күні:

ҰБТ
Тест тапсырып отырған ер адам. Көрнекі фото: pixabay.com

Ғылым және жоғары білім министрлігі пен "Отандастар қоры" КеАҚ бірлесіп шетелдегі Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін Қазақстанның жоғарғы оқу орындарына оқуға түсуге осы жылдан бастап жаңа жеңілдетілген талаптар қабылдады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ведомствоға сілтеме жасап хабарлайды.

Министрлік этникалық қазақ талапкерлер үшін жаңадан енгізілген талаптарды жариялады.

  • Біріншіден, Казакстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін ҰБТ тапсырған кезде шектік балл болмайды.
  • Екіншіден, бес емтиханның орынына үш емтихан тапсырады (оқу сауаттылығы жене таңдаған бағыт бойынша екі бейіндік пән).
  • Үшіншіден, төрт жоғарғы оқу орнын және білім беру бағдарламасын таңдауға мумкіндік сақталып калды.
  • Төртіншіден, қазақ тілін толық меңгермеген азаматтарга орыс тілінде тапсыруға мумкіндік сақталды.

"Осы ретте, Қазақстан Республикасынын азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ үміткерлер құжаттарыңызды тапсыруға асығыңыздар.

Натижелер республикалык, мерзімді басылымдардың беттерінде жане сайттарда 10 тамызға дейін жарияланады", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2135493-ubt-kezinde-shekti-ball-bolmaidy-etnikalyq-qazaqtar-ushin-qazaqstanda-oqu-talaby-zhengildetildi/