Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Антикор Шығыс Қазақстан облысында жоғары лауазымды шенеунікті ұстады

Жарияланған күні:

Қылмыстық іс бойынша құжаттар
Қылмыстық іс бойынша құжаттар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік ШҚО экология департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталғанын растады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Тelegram-дағы Yedilov online арнасында Шығыс Қазақстан облысы экология департаменті бастығының міндетін атқарушы Мамай Бутабаев пара алып жатқан кезде ұсталғанын жазды.

"Кейбір дереккөздердің ақпараты бойынша, Антикор қызметкерлері Шығыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті бастығының міндетін атқарушы Мамай Бутабаевты 180 миллион теңге пара алуға келісіп, 10 миллион теңгесін алып жатқанда ұстады", - делінген ақпаратта.

Бұған қатысты пікір білдірген Антикор Мамай Бутабаевтың ұсталғанын растады.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде ШҚО бойынша экология департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталғанын растайды. Тергеу жалғасып жатыр. Басқа ақпаратты қосымша хабарлаймыз", - деді агенттіктен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2135511-antikor-shqo-ekologiia-departamentining-mindetin-atqarushy-ustalganyn-rastady/