Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда маусымда 18 жыл бұрынғы температуралық рекорд жаңартылды

Жарияланған күні:

термометр
Термометр. Көрнекі фото: pixabay.com

Биылғы маусым Қазақстанда соңғы жылдардағы ең ыстық күндердің бірі болып танылды. Бірқатар қалада 10-18 жыл бұрынғы рекордтар жаңарды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Қазгидромет" синоптиктерінің хабарлауынша, өткен маусым Қазақстанның барлық аумағында кезекті жылы маусым болды. Еліміздің солтүстік жартысында көп мөлшерде жауын-шашын түссе, ал оңтүстіктің жартысында құрғақшылық болды.

Айдың басым бөлігінде ел аумағына Қара және Жерорта теңізі аудандарынан жылы ауа массалары келді, нәтижесінде көптеген аймақта өрт қаупінің жоғары деңгейі тіркелді.

Айдың ортасында және соңында ауа температурасының рекордтық жоғары мәндері байқалды. Күндізгі уақытта термометрлердің бағандары елдің батысында, оңтүстігінде +35+43°С-қа, солтүстік және орталық облыстарда +30+40°С дейін көтерілді.

9 маусымда Қызылордада термометрлердің бағандары +40,5°С-қа жетті, осылайша 2016 жылғы +40,1°С рекорд жаңартылды.

17 маусымда Ақтөбеде 2006 жылғы рекорд жаңарып, ауа температурасы +39,2°С болды.

Атырауда 18 маусымда ауа температурасы +41,5°С дейін көтеріліп, 2010 жылғы +41,0°С рекорд жаңарды.

28 маусымда Алматыда ауа температурасы +37,0°С деңгейіне жетті, осылайша 2014 жылғы +35,5°С болған рекорд жаңартылды.

Астанада бір айдағы орташа ауа температурасы +21,8°С болды, бұл нормадан 2,2°С жоғары болды, ал нормасы – +19,6°С.

Ең жоғары ауа температурасы 28 маусымда байқалып, +36,5°C болды; 2014 жылғы +35,4°C рекорд жаңартылды.

Елордада ең төменгі ауа температурасы 1 маусымда тіркеліп, +6,2°C бодды. Жауын-шашын климаттық нормада – 46 мм, айлық нормада 40 мм болды.

Бір ай ішінде республиканың солтүстік жартысында жиі циклондық белсенділік байқалды. Белсенді атмосфералық фронттардың өтуімен кей жерлерде найзағаймен бірге қысқа мерзімді жаңбыр жауып, екпінді жел соғып, бұршақ жауды.

7-9 маусымда солтүстік аудандарда 15-89 мм-ге дейін қатты жаңбыр жауды, 9 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында Тайынша метеостанциясында тәулік ішінде рекордтық жауын-шашын мөлшері - 89 мм тіркелді, ал бір айдағы нормасы 46 мм-ді құраған еді. Сондай-ақ, диаметрі 3 см-ге жететін үлкен бұршақ байқалды.

Айта кетейік, Қазақстанда аладғы күндері қолайсыз ауа райы сақталатынын жазған едік. Атап айтқанда, найзағай ойнап, бұршақ жауып, жел күшейеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2135598-qazaqstanda-mausymda-18-zhyl-buryngy-temperaturalyq-rekord-zhangartyldy/