Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көлік министрі еліміздегі ең нашар жолмен жүріп өтті

Жарияланған күні:

Ақтөбе – Хромтау – Қарабұтақ тасжолы
Ақтөбе – Хромтау – Қарабұтақ тасжолы: t.me/kolikpress

Марат Қарабаев жұмыс сапарымен Ақтөбе өңіріне барып, еліміздегі ең нашар жолдардың қатарына жататын Ақтөбе – Хромтау – Қарабұтақ тасжолын көлікпен жүріп өтті. Бұл туралы ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Көлік министрлігінің Telegram-дағы ресми ақпаратына сүйенсек, тасжолды жаңғырту жұмыстары 2025 жылы басталады.

"Бұл жолдың қазіргі жағдайы қанағаттанарлықсыз. Алайда жолдың бір бөлігінде қайта құру жұмыстары басталды. Ақтөбе мен Хромтау арасындағы 30 шақырымдық жол салынып жатыр. Жол толығымен қайта жаңарту жұмыстарымен қамтылғанша ең нашар деп танылған 66 шақырымдық жол бөлігін ағымдағы жөндеу жұмыстарымен қамтып отырмыз. Қазір оның 36 шақырымы жөнделді",- деді Марат Қарабаев.

Тасжолдың кей бөліктері қалыпқа келтірілген:

  • Ақтөбе ауылы мен Ақжар ауылының арасы;
  • Просторный ауылы мен Хромтау қаласының арасы;
  • Құдықсай мен Бөгетсай ауылдары арасы;
  • Бөгетсай және Қарлау ауылдары арасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2135610-kolik-ministri-elimizdegi-eng-nashar-zholmen-zhurip-otti/