Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда несиенің максималды мөлшерін шектеу ұсынылды

Жарияланған күні:

Ноутбук алдында отырған ер адам
Ноутбук алдында отырған ер адам. Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанда тұтынушылық несиелер мен микронесиелердің максималды сомасы енгізілуі мүмкін. Шектеулер тек кепілсіз несиелерге қатысты. Мұның мән-жайын KAZ.NUR.KZ анықтап білді.

Қазақстанның несие саласында тағы да өзгерістер болып жатыр.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі "Ашық НҚА" порталында қаулы жобасын жариялады. Оған сәйкес микроқаржы ұйымдарында банктік кредиттер мен қарыздардың максималды шек мөлшерін енгізу ұсынылады.

Айта кетерлігі, шекті мөлшер тек кепілсіз тұтынушылық несиелер мен шағын несиелер бойынша енгізу жоспарлануда, ал кепілзаты бар несиелер бойынша еш шектеу жоқ.

Осылайша, максималды сомалар мынадай болуы тиіс:

  • банктегі несие – 2 200 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) немесе 2024 жылы 8 122 400 теңге;
  • МҚҰ несие – 1 100 АЕК немесе 4 061 200 теңге.

Айта кетейік, қазір қаулы жобасы осы жылдың 31 шілдесіне дейін жалғасатын талқылау сатысында. Сондықтан әзірге несие сомасына мұндай шектеулер жоқ.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда тұтынушылық несие алу үшін жұбайынан рұқсат алу ережелері әзірленгені белгілі болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2135643-qazaqstanda-nesiening-maksimaldy-molsherin-shekteu-usynyldy/