Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"13 жыл құлдықта болған": Түркістан облысында анасы мен ұлына екі бөлмелі пәтер сыйға тартылды

Жарияланған күні:

Баспана
Көрнекі сурет: pixabay.com

Түркістан облысында 13 жыл құлдықта болған анасы мен ұлына халық қаражат жинап, екі бөлмелі пәтер алып берді. Бұл туралы Президент жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесi Назым Жанғазы әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Назым Жанғазы өзінің Instagram-дағы парақшасында құлдықта болған анасы мен баланың қазіргі жағдайымен танысу үшін дағдарыс орталығына барғанын сөз етті. Сондай-ақ, оларға халық қолдауымен бір тәулікте қомақты қаржы жиналғанын айтты.

"Мен Наум туралы айтқаннан кейін құрбым Гүлмира Абдрашева және оның оқырмандары бірігіп, Наум мен оның анасына пәтер алу үшін 23 сағатта 25 миллион теңге жинады. Келесі күні волонтерлермен бірге Шымкентке ұштым. 13 жылға созылған сұмдықтан кейін жаңа өмір бастауы үшін олардың тұрғылықты жерін өзгертуді ұйғардық", - деп жазды ол.

Анасы мен баласы. Фото
Анасы мен баласы. Фото: nazym_zhangazy

Оның айтуынша, анасы мен баласы қазір өмірге бейімделу үшін дағдарыс орталығында тұрып жатыр.

"Біз екі бөлмелі пәтер алдық. Пәтер таза, жайлы, көршілері мейірімді. Пәтерді қарап шыққаннан кейін бірден құжаттарды рәсімдеуге бардық. Ол жерде дағдарыс орталығының өкілі де болды. Әзірге олар толықтай әлеуметтену және бейімделу үшін дағдарыс орталығында қалып отыр. Кейін олар жаңа пәтеріне көшіп, әрі қарай дағдарыс орталығы мен біздің бақылауымызда болады", - деп мәлімдеді Назым Жанғазы.

Қазір Наумның құжаттарын қалпына келтіріліп жатыр.

"Пәтерді сатып алғаннан кейін бірден Руслан Берденовке жолықтық. Ол Науммен жеке танысып, жұмыс ұсынды. Наум толықтай әлеуметтеніп, бейімделіп, барлық қажет құжаттарды алғаннан кейін оқуға және жұмысқа кірісе алады", - делінген жазбада.

Еске салсақ, бұған дейін Ұлытау облысында асырап алынған балалардың 5 жыл бойы құлдықта болғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2135712-13-zhyl-quldyqta-bolgan-anasy-men-ulyna-eki-bolmeli-pater-syiga-tartyldy/