Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы тауларында нөсер жаңбыр жауады: төтеншеліктер өзендерде су деңгейі көтерілетінін ескертті

Жарияланған күні:

Тау
Тау. Көрнекі фото: pixabay.com

Aлматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындарына күн бұзылатынын, беткейлерде ағынды су пайда болып, таудағы өзендер суының деңгейі көтерілуі мүмкін екенін ескертті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің мәліметінше, қаланың таулы аймақтарында бұршақ жауып, найзағай ойнап, жел күшейеді.

Найзағай кезінде желдің екпіні секундына 18-23 метрге жетеді, 17-20 шілдеде Алматы қаласына іргелес таулы аймақтарда желдің екпіні секундына 18-23 метрге жетеді, өзендерде еңіс ағынды сулар пайда болады деп болжанып отыр.

Қауіпті деңгейден асып кетсе, су басуы мүмкін.

Бүгін Алматыда қатты жаңбыр жауады деп болжанды. Күндіз ауа температурасы 30 градусқа дейін көтеріліп, түнде 18 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 6,3 м/с болмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2135883-almaty-taularynda-qatty-zhangbyr-zhaudy-totenshelikter-ozenderde-su-denggeii-koteriletinin-eskertti/