Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өскеменде тұрғын үйдегі өрт салдарынан алты бала мен он төрт ересек адам эвакуацияланды

Жарияланған күні:

Оқиға орны
Өрт-сөндіру жұмыстары. Фото: Ақмола облыстық ТЖД

Өскеменде бес қабатты үйлердің бірінде өрт шықты. Құтқарушылар 20 адамды эвакуациялады. Оның алтауы бала, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, пәтердегі жиһаздар мен жеке заттар өртенген.

ТЖМ күштері үйден алты бала мен 14 ересек адамды эвакуациялады.

"Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында өрт қоңырау түскен сәттен бастап 37 минут ішінде сөндірілді", - делінген хабарламада.

Төтенше жағдай министрлігінің өкілдері тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырды.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыдағы Алатау ауданында орналасқан аспалы шамдар қоймасынан өрт шыққаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2135886-oskemende-turgyn-uidegi-ort-saldarynan-alty-bala-men-on-tort-eresek-adam-evakuatsiialandy/