Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы Төле би көшесін ұзарту жұмыстары қашан аяқталады: Досаев тұрғындардың шағымына жауап берді

Жарияланған күні:

Жол жөндеу жұмыстары
Жол жөндеу жұмыстары. Фото: KAZ.NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесуінде Төле би көшесін ұзарту жұмыстары барысы туралы айтты. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Ақсай-3б" шағынауданының тұрғындары Төле би көшесінің жай-күйіне алаңдаушылық білдірді.

"Кей жерде арықтар топырақпен көмілген, аулаларға кіреберіс жердің жағдайы мәз емес", - деп шамданды олар.

Әкім тұрғындарыдың шағымына жауап беріп, мәселе неден туып тұрғанын айтты.

"Қазіргі таңда Төле би көшесін Яссауи көшесінен Әшімов көшесіне дейін ұзарту жұмыстары жалғасып жатыр, бюджетте қаражат көзделген. Бірақ басты мәселе жер телімін сатып алу болды. 160 учаскенің 140-ы сатып алынды, 1-і сатып алынып жатыр, 7-і сот процедурасында, 12-сі қаралып жатыр. Жыл соңына дейін учаскелерді сатып алуды аяқтауды жоспарлап отырмыз.

Қазір қалалық мобилділік басқармасының басшысы мен аудан әкіміне аулаларға кіреберісті ретке келтіруді тапсырамын. Жалпы, жоба аясында тротуарлар мен арықтар жабдықталады", - деп жауап берді әкім.

Әкімдік өкілдері ұзартылатын жердің жалпы ұзындығы 2,2 км екенін, қазір жер төсемінің негізін салу, инженерлік коммуникацияларды қайта құру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Олардың мәлімдеуінше, құрылыс-монтаждау жұмыстарын келесі жылдың соңында аяқтау жоспарланып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2136063-almatydagy-tole-bi-koshesin-uzartu-zhumystary-qashan-aiaqtalady-dosaev-turgyndardyng-shagymyna-zhauap-berdi/