Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда далада табылған баланың биологиялық анасы анықталды

Жарияланған күні:

Сәбидің аяғы
Сәби. Көрнекі фото: pixabay.com

Нәресте Қарағандыда тұрғын үйдің жанындағы сәкіден табылан. Сараптама қорытындысы арқылы балалар үйіне тапсырылған баланың анасы анықталды, деп хабарлайды облыстық сотқа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Соттың Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпарат бойынша, Қарағанды облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты арыз беруші "Шапағат балалар үйі" коммунальдық мемлекеттік мекемесінің баланың туу фактісін анықтау туралы арызы бойынша азаматтық істі қараған.

2024 жылғы 24 ақпанда полиция қызметкерлері Қарағанды қаласы Мұқанов көшесіндегі 4/1 үйдің маңынан ер баланы тапқан. Табылған бала "Шапағат балалар үйі" КММ-не құжатсыз жеткізілген. Баланы АХАТ органдарында тіркеу және одан әрі туу туралы куәлікті алу мақсатында арыз беруші баланың азаматша А-дан туылғаны туралы фактіні анықтау туралы талап қоюмен жүгінген.

Сот барысында өткізілген сот молекулалық-генетикалық сараптамасының қорытындысы бойынша, А. есімді азаматша 99,9999 пайыз ықтималдылықпен баланың биологиялық анасы екен анықталған. Қарағанды қаласының АХАТ жауабына сәйкес бала туылғаны туралы дерек тіркелмеген.

"Сот шешімімен "Шапағат балалар үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тауып алған баланың туу фактісін анықтау туралы арызы қанағаттандырылып, 2001 жылы туған азаматшадан 2024 жылғы 19 ақпанда туған ер баланың тегі, күні және туған жері анықталып, бала тууының заңды фактісі тіркелді", - делінген мәлімдемеде.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2136090-qaragandyda-dalada-tabylgan-balanyng-biologiialyq-anasy-anyqtaldy/