Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе қаласы әкімдігі 148 млн теңгеге су жаңа 11 көлік алуды жоспарлап отыр

Жарияланған күні:

Автокөлік
Автокөлік. Көрнекі сурет: pexels.com

Ақтөбе қаласы әкімдігінің автопаркі 2024 жылы салоннан жаңа шыққан Hyundai Sonata және Cobalt көліктерімен толықпақ. Әкімдік бұл үшін бюджеттен 148 млн теңге бөлді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбе қаласы әкімдігі мемлекеттік сатып алу сайтына қызметтік қажеттіліктерге көлік алу үшін тендер жариялады. 11 автокөлік алу үшін бюджеттен 148 млн теңге жұмсалады. Қала әкімдігінің аппаратының айтуынша, көліктер құзырлы органдардың сұранысы бойынша алынған.

"Ақтөбе қаласының әкімдігіне қала аумағындағы қызметтердің шаруашылық қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында автокөлік құралдары алынады. Өткен жылы әскери комиссариатқа көлік алынды. Құқық қорғау органдарын да қызметтік көлікпен қамту жұмыстары жүргізіледі. Мәселен Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті, Ақтөбе облысы прокуратурасы және Ақтөбе облысы бойынша Сот әкімшілігі департаменті тарапынан түскен сұраныстарға сәйкес Hyundai Sonata, Cobalt маркалы 11 автокөлік құралына тапсырыс берілді. Бұл мақсатқа 148 млн теңге бөлінді", - деді Ақтөбе қаласы әкімінің аппарат басшысы Манас Ершеге.

Ақтөбе қаласы әкімідігі баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта әкімдік автопаркіне бес көлік келіп тұр. Енді қалған алтауының жеткізілмек.

Еске сала кетейік, осыған дейін Ақтөбе қаласы әкімдігі жаз ортасы ауғанда гүл егуге бюджеттен 822 млн теңге бөлгенін жаздық. Ал көктемде қалада төтенше жағдай жарияланғаннан 10 күн бұрын ғана тасқынмен күрес жұмыстарын ұйымдастыру үшін тендер өтті.

Автор: Ардақ Ерубаева

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2136144-aqtobe-qalasy-akimdigi-148-mln-tenggege-su-zhanga-11-kolik-aludy-zhosparlap-otyr/