Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бума-бума ақша: Антикор Талдықорған қалалық білім бөлімі бастығы ұсталған сәттің видеосын көрсетті

Жарияланған күні:

Талдықорған қаласы білім бөлімінің басшысының алған ақшасы
Талдықорған қаласы білім бөлімінің басшысының пара ретінде алған ақшасы. Видеодан кадр: Антикор

Антикор бір күн бұрын пара алғаны үшін сотталған Талдықорған қалалық білім бөлімінің бұрынғы бастығының ұсталған кезі түсірілген кадрларды көрсетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ құзырлы органға сілтеме жасап хабарлайды.

Ведоство мәліметінше, биыл 17 шілдеде Жетісу облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Талдықорған қаласының білім бөлімінің басшысы Ж. Жолдыхановқа қатысты үкім шығарды.

Ол бюджет қаражатын жымқыру фактілерін жасырғаны және жұмыстан босатпағаны үшін осы бөлімнің бас бухгалтерінен 280 млн теңге көлемінде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.

Жолдыханов 11 жылға бас бостандығынан айырылды және өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды.

Алдын алу шаралары аясында тыңдаулар сотталған ұжымның қатысуымен өтті.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Антикор Жетісу облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған бюджет қаражатын жымқыру мақсатында қатысу фактісі бойынша Талдықорған қаласының білім бөлімінің лауазымды тұлғаларына қатысты бұрын басталған тергеуді аяқтағанын еске салды.

Тұрақты ұйымдасқан қылмыстық топ 2020 жылдың қаңтары мен 2023 жылғы наурыз аралығында Талдықорған қаласының аумағында құқықбұзушылық іс-әрекеттермен айналысты.

Олар жүйелі түрде білім беру саласында нақты жұмыс істемеген жеке тұлғаларға, сондай-ақ өздерінің жеке шоттарына жалақы аудару арқылы бюджет қаражатын жымқырды.

Қылмыстық әрекеттердің нәтижесінде мемлекетке 4,3 млрд теңге көлемінде залал келтірілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2136174-buma-buma-aqsha-antikor-taldyqorgan-qalalyq-bilim-bolimi-bastygynyng-ustalgany-tusirilgen-videony-korsetti/