Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алты ай бойы отпен алысамыз": Райымбек ауданының тұрғыны облыс әкіміне өңірде газ жоқ екенін айтты

Жарияланған күні:

Марат Сұлтанғазиев
Марат Сұлтанғазиев. Фото: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы облысы әкімі Марат Сұлтанғазиевтің есебін тыңдаған тұрғын "алты ай бойы от жағатынын" айтты. Осыдан кейін ол әкімнен қашан аймаққа газ келетінін сұрады. Әкім ауылды газдандыру жұмыстары жақында басталады деп сендірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

"Алты ай бойы отпен алысамыз, 24 сағат отты өшірмейміз. Себебі ауылда көбіне үлкен кісілер тұрады. Жастар газ болмағасын келгісі келмейді. Газдандыру – Райымбек ауданы халқының басты мәселесі. Осы мәселені қашан шешесіздер?", - деді ауыл тұрғыны.

Бұған жауап берген облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев газ бойынша құжаттар толық аяқталғанын айтты.

"Біз газ бойынша құжаттарды толық аяқтадық. Сметалық құжаттарын жасауға жергілікті бюджеттен ақша бөлінді. Осы мамыр айында мемлекеттік сараптамадан өткіздік. Өздеріңіз білесіздер, мемлекет басшысы газбен қамту бойынша тапсырманы берген. Qazaq Gaz компаниясы бұл жоба туралы біледі. Жоба құны – 39,4 млрд теңге.

Qazaq Gaz компаниясы тарапынан өздерінің қаржылық жоспарына сәйкес жүргізілетін болады. Біз өз тарапымыздан құжаттарды дайындап қойдық. Газдандыру тек қана үйді жылыту емес, ауданның экономикалық өсіміне серпін береді. Газ болса, туристер қысы-жазы келуіне мүмкіндік болар еді", - деді әкім.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2136195-alty-ai-boiy-otpen-alysamyz-raiymbek-turgyny-oblys-akimine-audanda-gaz-zhoq-ekenin-aitty/