Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бишімбаев Астананы аралап жүргені рас па: ҚАЖК өкілдері жауап берді

Жарияланған күні:

Қуандық Бишімбаев
Қуандық Бишімбаев. Фото: Жоғарғы соттың баспасөз қызметі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің басшысы Теңізжан Жәнібеков түзеу мекемелеріне бейнекамералар не үшін қажет екенін түсіндірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомство басшысы Теңізжан Жәнібеков бүгінде республика бойынша түзеу мекемелеріне 39 мыңнан астам бейнекамера орнатылғанын айтты.

"Бейнебақылаудың арқасында Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мен Бас прокуратураға бейнекамералардағы кадрлар нақты уақыт режимінде біріктірілді. Жоба енгізілгеннен бері 47 қамау режимін бұзу дерегі анықталды және төрт қашу әрекетінің алды алынды, тоғыз жанжалдың топтық төбелеске ұласуына жол берілмеді", - деді ол.

Журналистер бұл камераларды экс-министр Бишімбаев "Астананы аралап" емес, жазасын өтеп жатқанын бақылау үшін қолдануға бола ма деп сұрады.

"Сот процесі кезінде Бишімбаев емін-еркін жүрді деген ақпарат тарады. Бұл ақпаратты нақты жоққа шығардық. Дәлірек айтқанда, бейнекамераларымыздың көмегімен біз мұндай дерек жоқ деп нақты теріске шығардық", - деп жауап берді Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Баймағанбетов.

Еске сала кетейік, сотталған Қуандық Бишімбаев жазасын өтеу үшін колонияға әлі жеткізілмегені бүгін белгілі болды. Ол әлі уақытша ұстау изоляторында.

Бұған дейін Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Бишімбаев қасындағы сотталушымен төбелесті деген ақпаратты жоққа шығарған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2136228-bishimbaev-astanany-aralap-zhurgeni-ras-pa-qazhk-okilderi-zhauap-berdi/