Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда жанармай қымбаттай ма: энергетика министрі жауап берді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Жанармай құю бекеті
Жанармай құю бекеті. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев халықпен кездесу қорытындысы бойынша өткен брифингте Қазақстанда жанармай бағасына қатысты сұрақтарға жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Бұған дейін біз жанармай құнының қаншалықты қымбаттауы мүмкін екенін модельдеп, нарықтағы жанар-жағармайдың қолжетімділігіне тікелей байланысты екеніне назар аудардық. Объективті түрде жанар-жағармай бағасын көтеретін факторлар – оның тапшылығы. Қазіргі уақытта мұндай факторлар жоқ", - деді энергетика министрі.

Алмасадам Сатқалиев Қазақстанда "бірегей қор" қалыптасқанын айтты.

"Бүкіл мұнай өнімдері бойынша бізде артық өнім бар. Оның үстіне биыл қыста өнім "артық" болмас үшін зауыттардың жұмысын сәл де болса тоқтаттық.

Сондықтан күрт өсу үшін факторлар жоқ. Егер болжамды өсім туралы айтатын болсақ, менің ойымша, қысқа мерзімде максимум – 5 теңге өсім. Бірақ оны нарық көрсетеді. Қазір өсімге айтарлықтай әсер ететін факторлар жоқ", - деп түйіндеді министр.

Еске салайық, жыл басында мамандар көлік иелерінің бензин мен дизель тапшылығы мәселесін шешу бірнеше жылға созылуы мүмкін екенін хабарлаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2136318-qazaqstanda-zhanarmai-qymbattai-ma-energetika-ministri-zhauap-berdi/