Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Құмар ойынға әуес мемлекеттік қызметкерлерге қандай шара қолданылады

Жарияланған күні:

Читать на русском
ойын
Көрнекі фото: pixabay.com

Туризм және спорт вице-министрі Мирас Төлебаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте бәс тігуге салынған тыйымды бұзған мемлекеттік қызметкерлерге қандай шара қолданылатынын айтты. Қазақстанда мұндай заң қабылданды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мирас Төлебаев Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлер мен әскерилердің құмар ойындарға қатысуына тыйым салынғанын еске салды.

"Заңбұзушы теріс уәжбен жұмыстан шығарылады. Бұл анық. Салынған тыйымның орындалу барысын Антикор мен Мемлекеттік қызмет істері агенттігі қадағалайтын болады. Қазіргі уақытта бұл норманы нормативтік құқықтық актілер деңгейінде енгізу тетігі бойынша жұмыс жүргізілуде", - деді спикер.

Жалпы, оның айтуынша, заң нормаларына байланысты букмекерлік кеңселер мен казинолардың қазақстандық клиенттері айтарлықтай азаймақ.

"Бұл шектеулер шетелдіктерге қолданылмайды және бұл ережелер 4 миллионға жуық қазақстандықты қамтиды", - деді Төлебаев.

Сонымен бірге ол борышкерлер тізімінде тұрған азаматтар да бәс тіге алмайтынын айтты.

Еске салсақ, Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі, лотерея қызметі, денсаулық сақтау, мемлекеттік еңбек инспекциясы, мемлекеттік бақылау және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойған болатын.

Оған сәйкес, мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметшілер, арнайы және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, бюджеттік ұйымдардың басшылары құмар ойындарға/бәс тігуге қатыса алмайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2136324-qumar-oiynga-aues-memlekettik-qyzmetkerlerge-qandai-shara-qoldanylady/