Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ТЖМ Алматыдағы аса қауіпті 6 мұздақ көлінде сел қауіпін жою жұмыстары басталғанын хабарлады

Жарияланған күні:

Үлкен Алматы көлі
Үлкен Алматы көлі. Фото: otkryvai.kz

ТЖМ Алматыдағы аса қауіпті 6 мұздақ көлінде сел қаупін жою, алдын алу жұмыстары басталғанын мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ведомствоға сілтеме жасап хабарлайды.

ТЖМ мәліметінше, Алматы қаласы тауларында 51 мұздақ және мұздық көл бар.

"Жыл сайын сел қаупі кезеңде "Қазселденқорғау" мамандары Кіші және Үлкен Алматы, Қарғалы және Ақсай өзендерінің бассейндерінде аса қауіпті мұздақ көлдерді судан босату бойынша алдын алу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Мұздақ көлдерден жиналған суды өздігінен ағызу үшін сифонды құбырлар салынып, су ағызу арналары тереңдетіліп, өнімділігі жоғары сорғылар орнатылады", - делінген хабарламада.

Аталған жұмыстарды жүргізу үшін қала әкімінің қолдауымен жергілікті бюджеттен, сонымен қатар 1000-нан астам метр полиэтилен құбырларын сатып алу және оларды орнату, мұздақ көлдердің эвакуациялық арналарын тазарту және тереңдету жұмыстарына қаржы бөлінді.

Биыл Алматы қаласы үшін сел қаупін тудыратын Кіші және Үлкен Алматы, Ақсай өзендері бассейндерінің 6 аса қауіпті мұздақ көлінде (Ақсай өзенінің бассейнінде №8, №9, №10 көлдер,Үлкен Алматы басейнінде: №10, № 13 көлдер, Кіші Алматы: №6 көлі) судан босату бойынша алдын алу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.

Қауіпті мұздақ көлдерді босату бойынша алдын алу жұмыстары ағымдағы жылдың қыркүйек айының соңына дейін жалғасады.

Сел қаупін күнделікті бақылау үшін  қосымша 13 бекет ашылды, "Қазселденқорғау" мекемесінің базасында шұғыл жұмыстарды жүргізу үшін авариялық бригада құрылды (34 адам және 19 арнайы техника).

Сел ахуалы министрдің жеке бақылауында. Сонымен қатар ТЖМ Дағдарыс жағдайларында басқару орталығында сел ахуалына тәулік бойы мониторинг жүргізіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2136411-tzhm-almatydagy-asa-qauipti-6-muzdaq-kolinde-sel-qauipin-zhoiu-zhumystary-bastalganyn-habarlady/