Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астана тұрғыны автобуста 1 млн 200 мың теңгесін ұмытып кеткен

Жарияланған күні:

Бос әмиян
Іші бос әмиян. Көрнекі сурет: pixabay.com

Астанада ерлі-зайыптылар полицияға жүгініп, ер адамның автобуста 1 млн теңгеден астам ақшасын ұмытып кеткенін айтты. Бұл туралы қалалық ПД Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

Полиция департаментінің ақпаратынша, күндізгі уақытта елорда тұрғыны автобус салонында ақша салынған пакетін ұмытып кеткен. Кейін жоғалтқанын түсінгенде ол "102" арнасына хабарлаған.

"Полицейлердің уақтылы ден қоюларының арқасында жағдай оңынан шешілді. Жүргізілген іс-шаралар барысында "Байқоңыр" ауданы ПБ полиция қызметкерлері автобустың бағыты мен жүргізушісін анықтады. 1 миллион 200 мың теңге көлеміндегі ақша қаражаты иесіне берілді", - делінген хабарда.

Қомақты қаражатын қайтарып алған ерлі-зайыптылар тәртіп сақшыларына кәсібилігі мен жедел әрекеті үшін алғыс білдірген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2136414-astana-turgyny-avtobusta-1-mln-200-myng-tenggesin-umytyp-ketken/